Жаңалықтар тізбегі
0

Қайрат Нұртасты бұрынғы досы сотқа берген

Қайрат Нұртасты бұрынғы досы сотқа берген, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.07.2024 12:33 Сурет: Instagram/kair_n
Бүгін, 2024 жылдың 5 шілдесінде әлеуметтік желілерде белгілі қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды. Оқиға бойынша 5 шілде де 12:00-де онлайн форматта сот отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Танымал әнші екі бап бойынша айыпталды:

  • ҚР Әкімшілік кодексінің 73 бапбының 1 тарау 1 бөлігі бойынша, қасақана жеңіл дене жарақатын келтіргені үшін;
  • ҚР Әкімшілік кодексінің 434 бап 2 бөлігі бойынша, ұшақ бортында ұсақ бұзақылық жасағаны үшін.

Жәбірленуші Асылбек Бекқайыров оның бұрынғы досы болған.

Бірінші бап бойынша жәбірленуші шағым бергеннен кейін, бітімгершілікке келу туралы өтінім берген. Іс бойынша Қайрат Нұртас та кінәсін мойындады.

"Мені 4-і күніне тойға шақырды. Мен барудан бас тартып, балағат сөздер айттым. Артынша, ұшақта кездесіп қалған кезде, мені бірінші ұрды. Менде қарап тұрмай, оны да бір-екі рет ұрдым. Бұл жөніндегі кінәмді толығымен мойындаймын".Қайрат Нұртас

Сотқа айыпталушының заңды өкілдері, анасы Гүлзира Дүйсенқызы мен інісі Аян Нұртас та қатысты.

"Екеуі бұрыннан дос. Достар арасында ондай-ондай болып тұрады. Бірақ, мұны барлық елге жария салып, ұятқа қалудың керегі жоқ деп санаймын. Сондықтан да, екеуі де бір-бірін кешіріп, татуласқаны жөн". Гүлзира Дүйсенқызы

Сондай-ақ, сотта оқиғаның мән-жайы анықталды.

"Оқиға 4 шілдеде сағат 20:00 шамасында Алматы – Астана бағытындағы  ұшақ бортында болған. Қайрат Нұртас пен Асылбек Бекқайыров арасында ауызша жанжал туындады. Содан кейін сотталушы оған соққы берді. Жәбірленуші жеңіл дене жарақатын алды", - деді судья іс материалдарын оқып.

Сотта қаралған ұшақ бортында ұсақ бұзақылық жасағаны үшін толтырылған екінші хаттама бойынша әнші кінәсін мойындамады. 

"Бірақ мен борттағы тәртіпті бұзған жоқпын, мен тыныш отырдым".Қайрат Нұртас

Айта кетейік, сот отырсында Қайрат Нұртас пен оның заңды өкілі Гүлзира Дүйсенқызы да БАҚ өкілдерінің процесстен сурет пен бейне ақпаратын таратуға қырсылығын білдірді. Бұл пікірге жәбірленуші Асылбек Бекқайыровта қосылды. 

Прокурор Қайрат Нұртасты 15 тәулікке қамауға алуды талап етті. 

Өз кезегінде айыпталушы, болашаққа жоспарларының көп екендігін алға тартып, оған айыппұл тағайындауды сұрады. 

Сот шешімі 14:30-да шығады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: