Жаңалықтар тізбегі
0

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры жаңадан тағайындалды

Гауһар Тасбергенова, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, ректор, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.07.2024 22:13 Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Гауһар Тасбергенова Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2024 жылы 9 шілдеде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Гауһар Тасбергенова – белгілі қазақстандық пианист, концертмейстер, арт-менеджер халықаралық конкурстардың лауреаты. Ол К. Байсейітова атындағы мектепті бітірген, PhD in Art-management докторы.

Гауһар Тасбергенова әр жылдары халықаралық жобаларға қатысқан, атап айтқанда:

  • Францияның Қазақстандағы елшілігінің қатысуымен "Париж-Астана: Дебюссиден Жұбановаға дейін",
  • А. Жұбанов, Л. Хамиди "Абай" (қоюшы-режиссер Джанкарло дель Монако),
  • Е. Брусиловский "Қыз Жібек" (қоюшы-режиссер Михаил Панджавидзе).

Сондай-ақ ол опералық спектакльдерді сүйемелдейтін бас пианист-концертмейстер. Мәдениет саласындағы көптеген жобаны әзірлеп, жүзеге асырған.

Сонымен қатар, Гауһар Тасбергенова – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: