Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақтың деңгене деген дәстүрі туралы не білесіз

Деңгене, ет жеу, қазақ дәстүрі, сайыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.07.2024 14:28 Сурет: әлеуметтік желіден алынды
Қазақта сайыс ретінде ұйымдастырылатын салт-дәстүрлер де кездеседі. Солардың бірі – деңгене дәстүрі, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, деңгене туралы "Қазақ халқының салт-дәстүрлері" кітабында жазылған.

Бұл сайыс шарты бойынша екі немесе үш жігіт басын қосып, алдын ала бір үй таңдайды. Содан сол үйге бас сұғып, "деңгене" жеуге келгендерін айтады. Шарт бойынша үй иесі бір семіз қойды сояды да әлгі екі не үш жігіттің алдына қояды. Олар бір қойдың етін сорпасымен ішіп, жеп кетуі керек. Егер олар бір қойдың етін бүтіндей жеп, тауыса алмаса, онда олар үй иесіне екі қой төлеуге тиіс болады.  

Кейбір деректерге сүйенсек, деңгене дәстүрі қыстың соңында етті сақтау қиынға түскен шақта белсенділікке ие болған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: