Баян Алагузованың кіші қызына Қытайдан ерекше сыйлық келді
Сурет: Instagram/bayanmaxatkyzy
Белгілі қазақстандық продюсер Баян Алагузоваға үшінші қызының дүниеге келуіне байланысты сыйлықтар легі толастар емес. Сондай ерекше сыйлықтың бірі Қытайдан келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мысалы, Алагузованың қытайлық достары кішкентай Алисаға тесігі бар жөргек киім жіберген.
"Қытайлық достарымыз бізге осындай сыйлық – чемодан (киіммен) сыйлады. Мен 20 жыл бұрын Бейжіңде болғанымда, балаларға осындай киімдер кигізетінін көргенмін. Бір қызығы ол кезде жөргек болса да, оны қолданбайтын. Ол кез қараша айы болатын, балалардың тоңатынын көріп, олардан неге жөргек кигізбейтінін сұрағанымда, "бұл киім қайта-қайта жөргекті ауыстырып отыруды қажет етпейді" деген болатын. Бұл үрдіс әлі де бар екен. Мен бұл киімді қалай кигізу керектігін тіптен білмеймін",-деді Баян Алагузова 2024 жылдың 16 тамызында Instagram-Stories-те.
Продюсер Қытайдан келген достарына алғысын білдіріп, чемодандағы киімдерді көрсетті.
5 тамызда Баян Алагузова үшінші мәрте "ана" атанғанын мәлімдеген болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript