Баян және Тұрсын Алагузовтар тағы да ата-ана атанды
Сурет:Instagram/tursenalaguzov
2024 жылдың 19 тамызында белгілі қазақстандық продюсер Баян Алагузова тағы бір қызының дүниеге келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 50 жастағы кәсіпкер Instagram-да жаңа туған нәрестенің суретін жариялап айтты.
"Біз сені сегіз жыл және Алисадан 15 күн ұзағырақ күттік. Біздің қызымыз Алагузова Алма Тұрсынғалиқызы дүниеге келді", - деп жазды Баян Алагузова.
Оқырмандар бірауыздан мұның тіптен күтпеген хабар екендігін мойындап, құттықтауларын жаудыра бастады.
- Алма, қош келдің!
- Таңқалғаным рас, бауы берік болсын!
- Тамаша, құтты болсын!
- 15 күннің ішінде көпбалалы ана атандыңыз. Құттықтаймын!
- Үлкен азаматша болып өссін!
Сондай-ақ, продюсердің үлкен қызы тағы бір сіңілісінің дүниеге келгені туралы ақпаратты растады.
"Иә, ағайын біздің отбасымыз да тағы бір жан дүниеге келді. Анам енді ресми түрде көпбалалы! Менің сіңілім Алма қош келдің!"
Айта кетейік, 50 жастағы Баян Алагузова 5 тамызда үшінші мәрте "ана" атанған болатын. Артынша ол, көптен күткен сәбиге "Алиса" есімін бергенін мәлімдеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
