Баян Алагузова төртінші қызы дүниеге келгеннен кейін мәлімдеме жасады
50 жастағы Алагузова төртінші қызы Алманың дүниеге келуіне байланысты айтылған тілектері үшін барлығына үлкен алғысын білдірді.
"Мен көп балалы анамын және бұған өте қуаныштымын!"- деді Баян перзентханадан шыққан кадрлармен бөлісіп.
Комментаторлардың реакциясы екіұшты болып шықты: кейбіреулері Тұрсен мен Баянға бақыт тілесе, басқалары ерлі-зайыптылар балалар шығаратын зауыт сатып алды деп әзілдеді. Тағы біреулері Алагузоваға мемлекеттен жәрдемақы алу үшін тағы екі бала тууды ұсынды:
- Әр әйел бақытты болуға лайық екенін дәлелдеуден шаршамайсыз!!! Сіз әйелдерге күшті мотивация бересіз!!! Әр адам өз өмірінің қожайыны ешкімнің араласуына қақысы жоқ.
- Құтты болсын! Бірақ қайдан алып жатсыңдар 10 күн сайын, айтып қойсаңдаршы
- 14 күннен кейін тағы ұл болса, 53 жаста зейнетке шығасыз
- Бала беретін жерді айтып қойшы бізде алайық
- Қыз шығаратын завод сатып алдындар ма, түсінби қалдық қой
- 15 күннен кейін ұлды боласыңдарма
Сондай-ақ, перзентханадан шыққан кездегі фотосуретермен Баянның үлкен қызы да бөлісті.
"Анасын перзентханадан шығару бәріне бірдей берілмейді! Алмуша, біздің көңілді, тату отбасымызға қош келдің!"- деп жазды Айсәуле Бақытбек.
Айта кетейік, 50 жастағы Баян Алагузова 5 тамызда үшінші мәрте "ана" атанған болатын. Артынша ол, көптен күткен сәбиге "Алиса" есімін бергенін мәлімдеді. Ал, 19 тамызда ол күтпеген жерден төртінші қызының дүниеге келгенін айтты. Оның есімі — Алма.