Жаңалықтар тізбегі
0

43 жастағы Дильназ Ахмадиева бұрынғы күйеуіне жүгінді

43 жастағы Дильназ Ахмадиева бұрынғы күйеуіне жүгінді, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2024 12:44 Сурет: Instagram/azeeldo
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі әнші Дильназ Ахмадиева бұрынғы күйеуі-музыкант Әзілхан Сейтбаевқа әсерлі жазба арнады, деп хабарлайды Zakon.kz.

43 жастағы әнші Instagram-да бұрынғы күйеуімен суретін жариялап, оған деген махаббатымен бөлісті.

"Біз қосылмадық! Бірақ мен оның ұрпағын жалғастырғаныма ризамын. Ол ең дана, шығармашыл, нәзік адам! Оның жаны мен принциптері маған ұнайды! Біз қарым қатынасымызды сақтай алмасақ та, мен оның әйелінің өте бақытты боларын білемін. Азилка, саған және сенің болашағыңа шынайы тілектеспін. Мен сені барымша жақсы көремін", — деп жазды Дильназ Ахмадиева 2024 жылдың 3 қыркүйегінде жарияланған жазбасында.

Жазылушылар бұрынғы ерлі – зайыптылардың әдемі жұп екенін атап өтті және олар бір күні қайта қосылады деп үміттенеді:

  • "Қандай керемет сурет".
  • "Керемет жұп, біраз уақыттан кейін сіздер бір-біріңізге қажет екеніңізді түсінесіздер".
  • "Қайта қосыласыздар деген үміттемін".
  • "Қайта бастау ешқашан кеш емес, бұл өмір мектебі".

Естеріңізге сала кетейік, Дильназ Ахмадиева екі рет тұрмыс құрған. Әнші алғаш рет Ахмад есімді кәсіпкермен шаңырақ көтерді. Олардың үйлену тойы 2011 жылдың қыркүйегінде Астана мейрамханаларының бірінде өтті. 2015 жылдың қарашасында әнші жұбайымен қарым-қатынасының бұзылғанын жариялады. Екі жылдан кейін, 2017 жылы ол музыкант Әзілхан Сейтбаевпен отау құрды. Ал 2020 жылы олардың Зейдан деп аталатын ұлы дүниеге келді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: