Жаңалықтар тізбегі
0

Қоянбаев пен Қабатов Масляковтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Қоянбаев пен Қабатов Масляковтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2024 10:35 Сурет: Instagram/kvnofficial
8 қыркүйекте Ресейдің танымал тележүргізушісі және еңбек сіңірген өнер қайраткері Александр Масляковтың қайтыс болғаны туралы жаңалық жұртшылықтың көңіліне қаяу салды. Бұл ретте КВН-нің бұрынғы қатысушылары, қазақстандық шоумен Қоянбаев пен Қабатов өнер адамының жақындарына көңіл айтты.

Нұрлан Қоянбаев Instagram-да КВН жүргізушісімен мұрағаттық фотосурет жариялады, оның астында: "Александр Васильевич Масляков! Аңыз адам! Қош болыңыз!", деп жазды.

Сондай-ақ, Тұрсынбек Қабатовта мұрағаттық суретпен бөлісті. Жазбада Масляковқа ерекше алғысын білдірді.

"Барлығы үшін рахмет, Александр Васильевич: ойын үшін, жастық шақ үшін, отбасы үшін, достар үшін, әзіл үшін, мүмкіндіктер үшін", – деп жазды Тұрсынбек.

Масляковқа арналған жазба астында оқырмандар да қайғыра көңіл айтты:

  • Талай азаматтар мен азаматшалардың өсуіне себеп болған тұлға.Арты жақсылық болсын.
  • Жақсылардың қатарынан болсын!
  • Қаншама дарынды жастарға әзіл әлеміне жолдама берген еді. Қош бол...
  • Талай жастардын өмірге бағын ашқан ұстаз адам...
  • Балалық шағымыздан тек көңілді кісі ретінде жадымызда қалған, қош!

Бұған дейін 8 қыркүйекте 82 жасында Ресейдің танымал тележүргізушісі және еңбек сіңірген өнер қайраткері Александр Масляковтың қайтыс болғаны хабарланған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: