Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында танымал оңтүстік кореялық блогер Астанаға келді

Танымал оңтүстік кореялық блогер Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында Астанаға келді , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.09.2024 09:50 Сурет: Instagram/shinsama422
Танымал оңтүстік кореялық блогер Shinsama Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында Астанаға келді. Ол модель және креатор ретінде белгілі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Блогердің Tik Tok-та 17 миллион жазылушысы және Instagram-да 1 миллион оқырманы бар.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі оның Қазақстаннан алған әсерлері мен болашақта біздегі әріптестерімен қолға алынатын жобалары жайлы сұрады.

@madeniet__aqparat

📌Мега популярный корейский блогер приехал в Астану на Всемирные игры кочевников. Shinsama — модель и креатор. 🔹У него 17 млн подписчиков в Tik Tok и 1 млн фолловеров в Instagram. Мы узнали, какие у него впечатления от Казахстана и его будущих коллаборациях с нашими креаторами. ℹ️Пресс-служба Министерства культуры и информации РК

♬ оригинальный звук — madeniet__aqparat__ministrligi

Бұл оның Қазақстанға екінші сапары болып шықты. Бұған дейін Корей блогері Алматыда болғанын айтты.

Бұл жолғы сапарының басты мақсаты — көшпенділер ойындары. Shinsama бұрыннан бұл шараға қызығатынын және қазақ мәдинетімен етене танысуды армандағанын жеткізді.

Бұған дейін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан қоржынындағы алтын медальдар саны 27-ге жеткені белгілі болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: