Жаңалықтар тізбегі
0

Мәскеуде Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі ауруханаға түсіп қалды

Наталья Орынбасарова, Мәскеу, аурухана, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2024 09:38 Сурет: Instagram/egorkonchalovsky
Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, кеңес және ресейлік театр және кино актрисасы Наталья Орынбасарова Мәскеу маңындағы ауруханалардың біріне жатқызылды. Актрисаның құлап қалғаны, одан кейін дененің ауырсыну белгілері бойынша шағымданғаны белгілі, деп хабарлайды Zakon.kz.

MK.ru сайтының мәліметінше, режиссер Андрей Кончаловскийдің бұрынғы әйелі 6 қыркүйекте саяжайда үй жұмыстарымен жүргенде құлап, жарақаттанған. Бастапқыда 77 жастағы актриса денесіндегі ауырсыну белгілерін елемеген. Бірақ 11 қыркүйекте денедегі зақымданған орыны қатты ауыра бастаған. Қазір актриса ауруханада жатыр, дәрігерлердің бақылауында.

Айта кетсек, Орынбасароваға Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі атағы 1997 жылы берілген болатын. Ол Мәскеуде дүниеге келген, бірақ Алматының хореографиялық мектебінде оқыған, одан соң Үлкен театрдағы академиялық хореографиялық училищеге аттанады. Актриса алғаш рет Шыңғыс Айтматовтың "Тұңғыш мұғалім" романының желісі бойынша Андрей Михалков-Кончаловский түсірген фильмде басты рөлді ойнайды. Осы фильмдегі басты рөлі үшін Орынбасарова Венецияда "Вольпи алтын кубогы" кинофестивалінің жүлдесін жеңіп алды. Көп ұзамай ол Андрей Кончаловскийге тұрмысқа шықты. Бес жылға созылған бұл некеден актрисаның бір ұлы бар... 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: