Димаш Құдайберген жанкүйерлеріне жүгінді

Димаш Құдайберген жанкүйерлеріне жүгінді, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.01.2025 13:48 Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өз жанкүйерлерін қуантуға шешім қабылдады. Композитор өзінің фандомының 8 жылдығына орай су жаңа әннің премьерасын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құдайберген өз жанкүйерлеріне арнаған үндеуінде 30 қаңтар мереке екенін айтты.

"Құрметті достар, менің сүйіктілерім Dears! Бүгін 30 қаңтар – біздің ортақ мерекеміз. 2017 жылғы сол бір есте қаларлық күннен бастап, сіздерге алғаш рет осылай Dears деп атағаныма бүгін 8 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде біз концерттік турларыммен Қазақстаннан бастап Азия, Америка, Еуропаға дейінгі көптеген қалалар мен елдерді араладық… Сіздердің ерекше ықыластарыңыз бен қолдауларыңыз үшін, менің шығармашылығыма қызығушылық танытып, маған сенім артқандарыңыз үшін сіздерге айтар алғысым шексіз",- деп жазды ол.

Әрі қарай әнші мерекеге орай жаңа әннің премьерасын жариялады.

"7 наурызда әлемге әйгілі композитор және продюсер Вальтер Афанасьевтің жетекшілігімен халықаралық авторлар ұжымы жасаған туындыны жарыққа шығарамыз. Бұл "Love’s not over yet" әні. Сіздерге ұнайды деген үміттемін!"Димаш Құдайберген

Жанкүйерлері жаңалыққа қуаныштарын жасырмай, қолдау білдіріп жатты.

  • ДИМАШ, ҚАЗАҚҚА, ӘЛЕМГЕ – XXI ғасыр Ән Әлемінің дара дауысыңмен келген, БРЕНДІ, болып келеніңді, мойдатқан 8 жыл мерей тойымыз, құтты болсын ДИМАШ Қымбаттылары (DEARS DIMASH) әлемі! ДИМАШ DEARS Алты құрлық күткен ДИМАШ өзіңе мың алғыс! Күллі Әлемге, теңдесі жоқ Ән өнерін, Әлемге, көрсеткен мәдениетті де сұлулық әлем, дүнинсін силаған, дара үнің үшін мың алғыс Асыл Ұл ДИМАШ!
  • Димаш, канша жыл болсада, қолдаудан жалықпаймыз біз сені мен мақтан етеміз. Шабытына,шабыт қосылып керемет әндерін шыға берсін. Шығармашылық табыс тілеймін!!!Отметки "Нравится": 4ОтветитьПоказать перевод
  • Рахмет Аллаһқа, сансыз шүкірлік сендей ұлды қазақ даласына бере салған...
  • Сәттілік Димаш, жолың ашық болсын!
  • Құтты болсын Dears күніміз, сен барда, біз де бармыз, өнерің өркейсін Димаш!

Бұған дейін Атырау облысында Сармат дәуіріне тиесілі құнды жәдігерлер табылғандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: