Мақпал Исабекова маңызды күндерінің бірін атап өтуде

Мақпал Исабекова маңызды күндерінің бірін атап өтуде, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2025 15:20 Сурет: Instagram/makosyai
Бүгін, 2025 жылғы 21 ақпанда белгілі қазақстандық әнші Мақпал Исабекованың туған күні. Ол 41 жасқа толды. Мерекеге орай әнші оқырмандарына жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2004 жылғы "Тарлан" сыйлығының лауреаты өзінің Instagram парақшасында әдемі суретін жариялап, жазба қалдырды. Онда ол "ресми түрде 41-деңгейдемін", деп жазды.

Исабекова "өзіме деген махаббаттың жаңа деңгейінің құлпы ашылды" және "бірдеңені жасауға, құруға, ұлғайтуға, тереңдетуге, білуге, үйренуге, өсуге күш пен жігерге толымын" деп мәлімдеді.

"Мен енді қателесуден қорықпаймын. Тәжірибе бар. Жаратушыма барлығы үшін рахмет айтамын! Бұдан былайғы назарды тек жақсылыққа аударамыз, мен бақыттымын, мұны түсіну үшін маған көптеген күндер мен түндер қажет болды", – деді ол.

Артынша әнші жанындағыларға және оның өмірінен кеткен адамдарға алғыс айтты..

Жазбасын аяқтай келе ол оқырмандарына рахметін айтты.

"Мен сіздерді жақсы көремін, менің инста-жақындарым, сіздердің барларыңызға рахмет! Барлығы жақсы болсын", – деп қорытындылады Исабекова.

Әншінің оқырмандары оны туған күнімен құттықтап, ыстық лебізберін білдірді:

  • Мақпал, туған күніңізбен!
  • Туған күніңмен! Тек қана жақсылықтар болсын, қуанышқа толы күндер көп болсын!
  • Бүгін сіздің күніңіз! Армандарыңыз орындала берсін!
  • Біз де сізді жақсы көреміз, бар болыңыз)
  • Бар бақытқа лайықсыз, аман жүріңіз, туған күніңізбен!

Бұған дейін танымал американдық журналдың Димаш Құдайберген жайлы мақала жарияланғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: