Сахнада Қайрат Нұртаспен билеген бүлдіршін көпшіліктің көзайымына айналды

Қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың кезекті концерті кезінде сахнаға шоқ гүлдерімен кішкентай қыз шықты. Гүлді өнер иесіне табыстағаннан кейін бүлдіршіннің "жұлдызды сәті" туды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әнші сүйкімді бүлдіршіннің бейнесін өзінің Instagram парақшасында жариялады.
Қылықты қыздың биі талайларды сүйсіндірді.
- Ей жаным! Қайраттан қалайын деп тұрған жоқ
- Жанайын деп тұрған жұлдыз ғой, тәтті балапан
- Сахнаның адамы болатыны көрініп тұр
- Бақытты бол, тәтті қыз
- Сүйкімдісін-ай өзінің
- Болашақта тегін адам болмайтыны айқын боп тұр
Бұған дейін "Жас сарбаз" шығармашылық ұжымының халықаралық байқауда бас жүлде иеленгенін жазған едік. Олар Өзбекстан астанасында өткен "I Love Tu danse" халықаралық байқауында еліміздің абыройын асырды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript