Аида Балаева Абу-Дабиде өткен VII Мәдениет саммитіне қатысты

Саммит, Аида Балаева, Абу-Даби, Мәдениет саммиті , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2025 19:34 Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында өткен VII Мәдениет саммитіне қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Форумның негізгі тақырыптары жасанды интеллекттің мәдениет пен адам шығармашылығына ықпалы, сондай-ақ тұрақты болашақ жолындағы бейбітшілікті нығайтуда мәдени байланыстардың рөлі болды.

Пленарлық сессияда сөз сөйлеген Аида Балаева жаһандық тұрақсыздық жағдайында мәдениеттің ерекше маңызын атап өтті.

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

"Мәдениет — бұл тек өткеннің мұрасы емес. Бұл — диалогтың тетігі, ұрпақтар, ұлттар мен діндер арасындағы көпір. Өркендеу дәуірінде де, қиын кезеңдерде де дәл мәдениет рухты көтеріп, шабыттандырып, адамдарды біріктіріп отырды. Бүгінде де ол — болашаққа апаратын сенімді тірегіміз әрі елдер арасындағы өзара іс-қимыл тетігі", — деді министр.

Сонымен қатар, Аида Балаева Қазақстандағы ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени әралуандық дәстүрлеріне тоқталды. Бүгінде елімізде жүзден астам этнос өкілдері өз тілін, өнерін сақтап, бейбіт өмір сүріп келеді. Министр Мемлекет басшысы жариялаған "Әралуандықтағы бірлік" қағидаты Қазақстандағы бейбітшілік пен келісімнің берік негізіне айналғанын ерекше атап өтті.

Саммит жұмысына 90 елдің делегациялары қатысты. Халықаралық жиын идея алмасу, гуманитарлық саладағы халықаралық ынтымақтастықты және мәдениет арқылы бейбітшілікті нығайтуға бағытталған жаңа бастамаларды қалыптастыратын маңызды алаңға айналды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: