Қазақ биі Ригада жарқ етті: "Гүлдер" ансамблінің солисі халықаралық байқауда екі алтын медаль жеңіп алды

Қазақ биі Ригада жарқ етті: "Гүлдер" ансамблінің солисі халықаралық байқауда екі алтын медаль жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2025 23:03 Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
2025 жылдың 24-27 сәуірі аралығында XVIII "Рига көктемі – 2025" халықаралық хореографиялық байқауы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Байқауға Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының "Гүлдер" ансамблінің балет әртісі Сания Сәкенова мен бас балетмейстер Анвара Садықова қатысты.

Байқау хореографияның үш аталымы бойынша өтті. Атап айтсақ, классикалық би, халық биі және заманауи хореография. Байқауға Қазақстаннан бөлек Германия, Италия, Латвия, Литва, Эстония, Украина, Солтүстік Африка елдерінен өнерпаздар қатысты.

Ансамбль солисі Сания Сәкенова І дәрежелі лауреат атанып, екі алтын медаль жеңіп алды. Ол байқау бағдарламасында Анвара Садықова қойған "Ақбаян" қазақ биін және Ернұр Қарықбол қойған "Тэмулэн" моңғол биін биледі. Сондай-ақ, ансамбль бишісі орындаушылық шеберлігі мен әртістік өнері үшін Америка Құрама Штаттарындағы Марго Фонтейн атындағы Балет академиясында екі апталық оқу стипендиясының сертификатына ие болды.

"Гүлдер" ансамблінің бас балетмейстері Анвара Садықова мен Сания Сәкенова Марго Фонтейн балет академиясының көркемдік жетекшісі Кеннет Ладденнің арнайы шақыртуын алды.

Сонымен қатар қазылар алқасының шешімі бойынша "Гүлдер" ансамблі" Ұлттық би мәдениетін сақтау және дамыту" арнайы сыйлығымен марапатталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: