Шерзаттың ісі: Адвокаттар мемлекеттік айыптаушыны ауыстыруды талап етуде

Шерзаттың ісі: Адвокаттар мемлекеттік айыптаушыны ауыстыруды талап етуде, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.05.2025 12:19 Сурет: Zakon.kz
2025 жылғы 6 мамырда Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша сот процесі жалғасуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгінгі сот барысында сотталушылардың қорғаушылары бірауыздан мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбайды ауыстыруды талап етуде. Қарсылықты Аскентай Дарханның іске бүгін жаңадан қосылған қорғаушысы Мәулен Ержанов бастады.

Олардың айтуынша, Дана Сәрсенбай:

  • Дауыс көтеріп, қысым көрсетіп отыр;
  • Сұрақты бұрмалап қоюда;
  • Жедел уәкілдің дәледеріне күмән келтіруде;
  • Істі зерделемеген, сондықтан орынсыз сұрақ қоюда;
  • Эмоцияға беріліп отыр.

Өз кезегінде сотталушы Аскентай Дарханның әпкесі Байылхан Бақытжан да уәжін жеткізді.

"Мына қызға айтарым мысқылдап отыр. Бұл өте қиын жағдай, біз бала өлгеннен кейін ғана үндемей отырмыз, осы күнге дейін ештеңе айтпадық... Мысқылдамасын. Бізде оңай жағдайда отырған жоқпыз. Мысқылдап сөйлемесін, іштей сөйлеп отыр... Біздің де жағдайымыз мәз емес",- деді сотталушының әпкесі.

Бұл ретте, прокурор Дана Сәрсенбай айтылған сын-уәждерге біртіндеп жауап берді.

"Біріншіден прокурорға қарсылық білдірудің негіздері Қылмыстық-процестік кодекстің 88-бабында көрсетілген. Бұл жерде барлық қорғаушылардың айтып отырған негіздері заң бойынша қарастырылмаған. Сондықтан түгелдей негізсіз деп санаймын". Дана Сәрсенбай

Жедел уәкілдің түсірген бейнесінің заңдылығына күмән келтірді деген айыпқа қатысты, прокуор ештеңеге күмән келтірмегенін, тек уәкілдің іс-әрекетінің заңдылығын сұрағанын атап өтті.

Істі біліктілік бойынша зерделемеген деп айып таққан Аскентай Дарханның қорғаушысы Қалиеваның уәжіне, мемлекеттік айыптаушы: "ол шындыққа жанаспайды", деп қысқа қайырды.

"Бұл айтылған негіздердің ешқайсысы Қылмыстық-процестік кодексте қарастырылмаған. Сол үшін қанағаттандырудан бас тартуыңызды сұраймын",- деді прокурор.

Мұнымен қоса, Дана Сәрсенбай іске Бас прокуратураның тапсырмасымен қатысып жатқанын баса айтты.

Шерзат Полаттың ісі бойынша басты сот отырысы 2025 жылдың 10 сәуірінде Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында басталды. Бүгінде айыптау актісі оқылып, жәбірленушілер куәлік етті. Куәгерлер де сот алдында жауап беріп болды. Енді 2025 жылғы 6 мамырдан бастап сотталушылар жауап беруде. Іске қатысты өз нұсқасын алғашқы болып Дархан Аскентай айтуда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: