"Шерзаттың өліміне оның да қатысы болуы мүмкін": адвокаттар куәгердің жауабында қайшылықтар бар екенін айтты

"Шерзаттың өліміне оның да қатысы болуы мүмкін": адвокаттар куәгердің жауабында қайшылықтар бар екенін айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2025 14:45 Сурет: Zakon.kz
2025 жылғы 28 сәуірде Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша сот процесі жалғасуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот отырысына жәбірленуші тараптың отбасы қатысқан жоқ, олардың мүддесін адвокаттар қорғады. Процесс барысында іс бойынша куә ретінде танылған Эльмира Нұрбекованың жауап алуы жалғасты. Істің тергелуі кезінде алынған оның бейнежауабы зерттелді. 33 жастағы Талғар тұрғыны бейнежазбада ажырасқанын және төрт баланың анасы екенін айтқан. Жазбада 2025 жылғы 18 сәуірдегі сот отырысында айтылған жауаптары қайталанған. Атап айтқанда, ол Абзал Шынасылдың Шерзат Полатты ұрғанын және сұр жейдедегі сақалды жігіттің мылтықпен бірнеше рет оқ атқанын баяндады.

"Осы жағдайлардан кейін мені көлікке отырғызды, ішінде Равиль, Дана және тағы біреу болды. Сосын басқа дүкенге тоқтап, мен энергетикалық сусын мен темекі алдым. Сыртта жігіттер қатты айғайлап, сөйлесіп тұрды. Ол кезде үш көлік болды. Мен Mercedes көлігіне отырдым, онда Дана болған оған: "Үйге қайтайық", – дедім. Такси шақырмақ болдым, бірақ байланыс ұстамады. Кейін полиция келді... Оқиға орнында адам өлгенін білмедім, оны тек РОВД-да айтты. Кейін бізден шамамен 100 адам жауап алды. Демалмай, ұйықтамай тек жауап берумен болдық," – деді Эльмира Нұрбекова.

Адвокаттар Нұрбекованың жауабында қайшылықтар бар екенін айтып, Шерзат Полатты өлтіруге қатысы болуы мүмкін екенін жеткізді. Куәгер болса, өзінің шок жағдайында болғанын баса айтып отырды.

"Егер ол оқиға орнында өз еркімен болып, жағдайды көре тұра көмек шақырмаған болса – біздің пікірімізше, оның қылмысқа қатысы бар," – деді адвокат Мейірман Шекеев.

Еске салайық, 2024 жылғы 4 қазанда Алматы облысы Талғар ауданында әке-шешесінің көзінше 16 жастағы Шерзат Полат қандықол қылмыскерлер қолынан қаза тапты. Марқұмның туыстары әділ тергеу жүргізуді сұрап, көшеге шықты. 16 қазанда олардың үйі түгі қалмай өртеніп кетті. Полиция мұның қасақана от қою екенін растады. Ал 9 желтоқсанда Шерзат Полаттың ағасы өлі күйінде табылды.

Бұл ретте, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ana tili газетіне берген сұхбатында Талғарда кісі қолынан қаза тапқан жасөспірім Шерзат Полаттың өлімі туралы айтқан болатын. 2025 жылы 27 ақпанда Шерзат Полаттың өліміне қатысты істі тергеу аяқталды. Қылмыстық іс 62 томнан тұрады.

Ал, басты сот отырысы 2025 жылдың 10 сәуірінде Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында басталды. Бүгінде айыптау актісі оқылып, жәбірленушілер куәлік етті. Енді куәгерлер сот алдында жауап беруде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: