"Лайық па, жоқ па?" – Президент марапатынан кейін Әлішер Кәрімов талқының ортасында қалды

"Лайық па, жоқ па?" – Президент марапатынан кейін Әлішер Кәрімов талқының ортасында қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2025 18:54 Сурет: instagram.com/alisher_k
Қазақстандық эстрада әншісі Әлішер Кәрімовтың Instagram-парақшасына қазақстандық желі қолданушылары жаппай пікір жазып жатыр. Бұған оның "Қазақстанның халық әртісі" атағын алуы себеп болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент жарлығына сәйкес, ұлттық мәдениетті дамыту мен насихаттауға қосқан ерекше үлесі, мәдениет саласындағы ерекше жетістіктері және Қазақстанға қызмет көрсеткені үшін Әлішер Кәрімовке "Қазақстанның халық әртісі" құрметті атағы берілді.

Сол күні-ақ 39 жастағы әнші Instagram-дағы парақшасында Тоқаевпен бірге түскен суретін жариялап, жанкүйерлеріне алғысын айтып, бұл атақты жоғары бағалайтынын жазды.

Алайда осы жазбаның астында Қазнет қолданушылары "Кәрімов бұл атаққа лайық па, жоқ па?" деген тақырыпты қызу талқылап кетті. Пікірлердің бірінде былай делінген:

"Оған не үшін "Халық әртісі" берілді? Мұндай марапатты шын еңбегімен ғана алуы керек. Тоқтар мен Бейбіт неге алмайды? Мираc пен Құралай ше? Әлішердің бірде-бір әнін білмеймін, әділетсіз, ол лайық емес.

Бұған келіскендер де бар:

  • "Сізбен келісемін";
  • "Қандай еңбегімен танылды? Түсініксіз";
  • "Марапаттың құны қалмады, бұлай атақты қайта енгізудің қажеті жоқ еді";
  • "Халық әртісі" атағын Сәкен Майғазиев, Мейрамбек Бесбаев секілді халықтың шын сүйіспеншілігіне ие әншілер алуы керек".

Дегенмен Әлішер Кәрімовтің тыңдармандары оны қорғап, пікірлерге жауап жазып жатыр:

  • "Ол той әншісі емес! Қазақстанның намысын халықаралық байқауларда қорғап жүр";
  • "Ол – шетелде еліміздің атын шығарып жүрген кәсіби әнші";
  • "Сіздер айтып отырған әншілердің бәрі тойда жүреді. Ешқайсы Қазақстан атынан халықаралық деңгейде шықпаған. Әлішер – нағыз лайық әнші";
  • "Лайық! Жоғары марапат! Ол балалық кезінен бастап халықаралық байқауларға қатысып, елімізді танытты. Көптеген жеңіс пен марапатқа ие болды. Қазір өзі де халықаралық қазылар қатарында отыр, жас таланттарды іріктеуге атсалысып жүр. Қуаныштымын, қымбатты досым!".
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: