Әзілкеш Нұрлан Сабуровтың зәулім сарайының бейнесі желіде тарады

Әзілкеш Нұрлан Сабуровтың зәулім сарайының бейнесі желіде тарады , сурет - Zakon.kz жаңалық 26.05.2025 10:12 Сурет: Instagram/nurlan__saburov
Журналистер танымал стендап-әзілкеші Нұрлан Сабуровтың Москва қаласының маңында қымбат жылжымайтын мүлігі бар екенін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

SHOT Telegram арнасының жазуынша, өнер иесі 2022 жылдың ақпанында 1 мың шаршы метрден астам жер учаскесін сатып алған. Учаскенің құны – шамамен 12,2 миллион рубль (77,5 миллион теңгеден астам).

"Бұл учаскеде қазір шамамен 115 миллион рубль тұратын керемет коттедж бар. Үй жабық тұрғын үй кешенінде орналасқан, онда Сабуров әйелімен және үш баласымен бірге тұрады", – деп жазды дереккөз.

Сурет: Telegram-канал "SHOT"

Жылжымайтын мүліктен басқа, Нұрлан Сабуров екі премиум автокөлікке ие – 2018 Mercedes-Benz G-Class және 2021 Cadillac Escalade. Олардың құны ондаған миллион рубльге бағаланады.

Еске салсақ, Нұрлан Сабуров 19 мамырда Мәскеудегі Шереметьево әуежайында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ұсталған болатын. Енді оған Ресей территориясынан шығып, заң аясында қайта елге кіруі керек.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: