"Біз Сізден жауап күтіп отырсақ". Қайрат Нұртас Мәскеуде ән салды

Танымал әнші Қайрат Нұртас Мәскеуде ән салып, зал толы жанкүйерлердің қошеметіне бөленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресей төрінде болған шоудың видеосымен әнші 6 маусымда Instagram-дағы парақшасында бөлісті.
"Мәскеу, рақмет", – деп жазды өнер иесі видео сипаттамасына.
Жазба астына әлдекім: "Ана жақта, Жұлдыз (Қайраттың жары) шулатып жатыр, біз Сізден жауап күтіп отырсақ, мында жүр екенсіз ғой" деп елең еткізер пікір қалдырыпты.
Сөйтсе Қайраттың жұбайының аяғы ауыр екен.
"Ол жайлы білмесем де, менің ағзам қабылдап, өз процесін атқарып жатқанын сезбедім. Әрине, сол сәтте сезбеу – заңдылық. Өйткені басыма біраз мәселе үйір болған кезең еді. Оған халық куә болды. Одан бөлек, көпшілік білмейтін жеке мәселелерім де тағы бар... Әбден әбігерге түстім. Ішім алай-дүлей...Сол сәтте жатырыма жайғасқан бір түйір тамшы, өз уақытында, өз несібесімен келіпті. Құрсағымдағы соғып тұрған кішкентай ғана жүрекшем барлық түйінді шешіп жіберді деп айтсам, асылық айтқаным болмас. Өйткені өмірімде үлкен өзгерістер бастау алып, мен күтпеген, мүлдем ойламаған таңғажайып жайттар орындалды. Құдды бір киноның сценарийі тәрізді. Бұл – Жаратқанның маған берген ең ғажайып сыйы. Бергенінен берері мол дегенді мен сонда ғана түсіндім. Адам мұқтаждығын өзгеден емес, Алладан сұраса, Алла оның абыройын асырып, жоқ нәрсесін түгелдеп қояды екен. Әрине, ниеті таза, жүрегі түзу болса, бәрі өз орнына, өз ретімен келеді екен", - деп жазды екі күн бұрын Жұлдыз Әбдікәрімова желідегі парақшасында.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript