Ерке Есмахан жақын күндері үшінші мәрте "ана" атанатынын мәлім етті

Ерке Есмахан жақын күндері үшінші мәрте "ана" атанатынын мәлім етті, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2025 12:22 Сурет: Instagram/erke_esmahan
Қазақстандық әнші Ерке Есмахан оқырмандарына арнап жүрекжарды жазба қалдырып, жан толқынысымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әнші арманы орындалған жан екенін айтып, шүкіршілігін білдірді.

"Мен өзімді осы жасымда дәл осындай статуста боламын деп мақсат еткен едім. Міне, Аллаға шүкір, арманым орындалған жанмын. Өнерде жолым болып, еліме еркелеп жүрген әншімін. Сүйіктімнің сүйіктісі, шаңырағымыз сәбилердің күлкісіне толған ата-ана, ЖанҰямыз",- деп жазды ол.

Артынша, жүрек тыныштығымен, жан мен тәнінің үйлесімділігін тапқаны – өзінің ақ ниетіммен, көп нәрсеге сабырлықпен қарап, тоқтаусыз еңбегімнің жемісі екенін қоса айтты.

Сондай-ақ, әнші жақын күндері үшінші мәрте "ана" атануының мүмкін екенін де жасырмады.

"Іңгәләп бөпетайымыздың өмірге келуіне санаулы күндер қалды-ау",- деді ол.

Бұған дейін Майғазиевтің көпті ұлының тойын онлайн тамашалауға шақырғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: