Ерке Есмахан 3 жылдық демалысынан кейін өнерге қайта қадам басуда

Ерке Есмахан 3 жылдық демалысынан кейін өнерге қайта қадам басуда , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.07.2026 16:59 Сурет: Instagram/erke_esmahan
Қазақстандық әнші Ерке Есмахан оқырмандарын бірнеше күннен бері толғандырған жаңалығымен бөлісті. Жұлдыз 3 жылдық үзілісінен кейін өнерге қайта оралатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өнер иесі жағымды жаңалығымен өзінің Instagram парақшасында бөлісті. "Қайда?" хитінің орындаушысы Ерке Есмахан 2026 жылғы 19 шілдеде күйеуі, әнші Райымбек Бақтыгереевтің (Raim) өзіне арнап шығарған әнінен үзінді жариялады. Әнде Raim сүйіктісін жарқырап, ән айта беруге шақырады. Сондай-ақ ол Еркенің дауысын аңызға айналған Бибігүл Төлегенованың үнімен, ал сахнадағы өнерін эстрада әншісі Мақпал Жүнісовамен салыстырады.

"Сен менің сүйікті жарым, балаларымның анасы, әулетімнің келіні ғана емес, халықтың ерке әнші қызысың", – деп күйеуім шығармашылығымды шыңдауға қанаттандырып жіберді. Сөйтіп: "Жаным, жарқырап, ән сал", – деп, өнерге жаңа леппен оралуыма шабыт берді. 3 жыл декретте отырғанда жазылмаған әндерімді бір альбомға сыйдырдым. Жаңа өнімім, жасырған жаңалығым осы. 6 ай дайындалған 9 ән мен 9 бейнебаян сіздерді күтуде. Жуырда!",- деп жазды Ерке Есмахан.

Ол альбомның "Дауыс" деп аталатынын да мәлімдеді.

Өз кезегінде, жұлдызды жұптың жанкүйерлері бұл хабарға шын қуанғандарын жасырмады. Әншіге қолдау білдіріп, жаңа хиттерді күтетіндерін айтты.

  • Жарқыра! Ән сал!
  • Бәрінен бірінші екеніңді біле сал!
  • Ерке ханым, сізге қарап қазақтың "Еркееее десе – ерке, атына көркі сай" деген сөзі еске түседі. Сіз нәзіктіктің, сұлулықтың, әйелдік болмыстың нағыз үлгісісіз. Әрдайым жүзіңізден бақыт, көзіңізден махаббат көрініп тұрады.
  • Әрдайым осылай жарқырап, жайнап, сахнаның сәні болып жүре беріңіз. Отбасыңыздың бақыты артып, махаббаттарыңыз мәңгілік болсын! Сізді көрген сайын әйел бақытына деген сенім арта түседі.
  • Ерке ханым, даусыңыздың ерекшелігі мен әндеріңіздегі шынайылық әрдайым жүрекке жетеді. Сізді тыңдаған сайын әр әннен ерекше сезім аламын. "Қайда" әні ерекше ұнайды, бірақ шынымды айтсам, бір ғана әніңіз емес, барлық шығармашылығыңыз жанға жақын.
  • Шығармашылығыңыз тоқтамасын, жаңа әндеріңіз көп болсын! Әрдайым биіктен көрініп, тыңдармандарыңызды әдемі туындыларыңызбен қуанта беріңіз. Жаңа альбомыңыз үлкен жетістікке жетсін!
  • Қазір жаңа альбомды асыға күтіп жүрмін. Жүрекке әсер ететін, мағынасы терең әндеріңізді тағатсыздана күтемін. Сіздің даусыңызда ешкімге ұқсамайтын нәзіктік, жылулық және ерекше еркелік бар. Сол үшін де әндеріңіз қайта-қайта тыңдалған сайын жалықтырмайды.
  • Жаңа альбомыңның жарыққа шығуымен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – еңбегіңнің, талантың мен шығармашылығыңның жемісі. Әрбір әнің тыңдарманның жүрегінен орын тауып, альбомың үлкен жетістікке жетсін! Шабыттың сарқылмай, жаңа белестерді бағындыра беруіңе тілектеспін. Өнер жолың әрдайым сәтті болып, еңбегің жоғары бағалансын!

Бұған дейін әлемге әйгілі әнші Рики Мартин Алматыға келгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: