Шәріп Серік пен Бишімбаевтың жасанды интеллект көмегімен жасалған даулы бейнесіне нүкте қойылды

Шәріп Серік пен Бишімбаевтың  жасанды интеллект көмегімен жасалған даулы бейнесіне нүкте қойылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.06.2025 15:30 Сурет: Instagram/shakentii
Шәріп Серік есімді атышулы қазақстандық актерге қатысты жасанды интеллект көмегімен жасалған бейне күні бүгінге желіде кеңінен тарауда. Танымал актерге бейне ұнамаған болуы керек, ол видео авторына шағым түсірген. Алматы қаласы Полиция департаменті істің немен аяқталғанын айтып берді.

Оңтүстік астана полициясы бұл факт бойынша тексеріс жүргізілгенін мәлімдеді.

"Бейнематериалды жасау барысында жеке өмірге қолсұқпау, жеке деректерді қорғау және азаматтардың басқа да құқықтары бойынша заңбұзушылықтар анықталған жоқ. Тексеру қорытындысы бойынша, құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты өтініш қараусыз қалдырылды", – деп хабарлады Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, 2025 жылғы 3 сәуірде Алматы тұрғыны Әлия Бөтеева өзін белгілі актер Шәріп Серік ұрды деп айыптады. Қыздың айтуынша, ол актермен қарым-қатынаста болған. Бойжеткен Шәріп Серіктің артынан жалаңаяқ жүгіріп шығып, қолынан ұстап, лифтіден жұлқып алып шыққаны туралы фото және видео жариялады. Суреттерде қыздың беті қызарғанын көруге болады.

Бұл ретте, 4 сәуірде қазақстандық ірі медиа-компания Salem Entertainment пен басқа жарнама берушілер осы оқиғадан кейін актермен ынтымақтастықты және барлық келісімшартты тоқтататқанын хабарлады.

Кейінірек белгілі болғандай сот Шәріп Серікті кінәлі деп танып, 5 тәулікке қамауға алу жөнінде шешім шығарды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: