28 жастағы сүрбойдақ Артур Асқарұлы үйленді

28 жастағы сүрбойдақ Артур Асқарұлы үйленді, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.07.2025 16:57 Сурет: Instagram/archibaaalt
Tанымал алматылық блогер, Instagram желісінде archibaaalt лақап атымен белгілі Артур Асқарұлы сүйіктісі Замираға үйленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Заңды түрде неке қию рәсімінде түскен суреттер мен бейнелерді жас жұбайлар 2025 жылдың 8 шілдесінде Instagram парақшаларында бөлісті.

"Бүгін бізге бір жыл! Енді ресми түрде ерлі-зайыптымыз", – деп жазды Артур мен Замира.

Сондай-ақ блогер жұбайының өз тегін алған-алмағаны туралы да айтып өтті.

"Аскарұлы Замира – жақсы естіледі ғой", – деп қалжыңдады Артур.

Көп уақыт бойы сүрбойдақ атанып жүрген Асқарұлы достары – блогерлер Арман Юсупов пен Карина Оксукпаеваның үйлену тойынан архивтік фотосын да жариялап:

"Бәрі өз уақытымен", – деп жазды.

Әріптестері, достары мен оқырмандары Артур мен Замираны ерекше күнімен құттықтап, бақыт тіледі.

Бұған дейін Әли Оқапов жаңа шоудың жүргізушісі болғандығын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: