Димаш Құдайберген Игорь Крутоймен шығармашылық үзіліс туралы айтты

Димаш Құдайберген Игорь Крутоймен шығармашылық үзіліс туралы айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2025 20:01 Сурет: instagram/kudaibergenov.dimash
Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген Игорь Крутоймен шығармашылық байланысы туралы сұраққа жауап беріп, қазіргі жобаларына тоқталды. Оның айтуынша, танымал композитормен арада кикілжің жоқ, тек уақытша үзіліс бар, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Көптеген хит әндерімен танымал Игорь Яковлевичке үлкен құрметпен қараймын және репертуарымда осындай ұлы композитордың әндерінің болуы мен үшін үлкен мәртебе. Қазіргі уақытта басқа да компаниялармен және композиторлармен көптеген жобаларым бар. Сол себепті, қазір Игорь Яковлевич екеуміздің арамызда шығармашылық үзіліс. Осы шығармашылық үзілісті – сөзге келіп қалыпты деп ойлайтын кісілер де бар екен, бірақ ондай ештеңе болған жоқ. Біз арамыз дәл баяғыдай – тамаша. Мен орындаушы, ол композитор", - деді Димаш.

Димаш қазір басқа композиторлармен жобаларды қолға алып жатқанын айтты.

"Мысалы, мен жақында ұлы композитор, бірнеше Грэмми сыйлығының лауреаты, Мэрайя Кэри шырқаған All I Want for Christmas Is You сияқты шедеврлердің авторы Уолтер Афанасьев жазған Love Not Over Yet әнін шығардым. Жаңалық болса, өздеріңізбен міндетті түрде бөлісіп отырамын", - деп түйіндеді әнші.

Еске салайық, бұған дейін Қырғызстанның халық әртісі атанған Димаш Құдайберген хейтерлердің сынына жауап берген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: