Hassak тобы III Халықаралық цирк фестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды

Hassak тобы III Халықаралық цирк фестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.07.2025 19:25 Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
2025 жылы 23-27 шілде аралығында III Халықаралық цирк өнері фестивалі — Almaty Circus Festival өтті. Фестивальге әлемнің 15 елінен келген артистер қатысып, үздік цирк қойылымдарын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Фестиваль аясындағы ең жарқын сәттердің бірі Қазақ мемлекеттік циркінің Hassak тобының өнері болды. Артистер әлемде бұрын-соңды қайталанбаған ерекше трюкті орындады: топ мүшелері маңдаймен бір мезгілде үш адамды көтеріп, өткел баспалдағымен жүріп өтті. Жалпы салмағы шамамен 180 келі болатын бұл рекордтық нөмір халықаралық қазылар тарапынан жоғары бағаланып, Hassak ұжымы фестивальдің Бас жүлдесін иеленді. 

Өнерпаздар жеңісін Қазақ мемлекеттік циркінің 55 жылдығына және отандық цирк өнерінің негізін саңлақтарға арнады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, үш жыл ішінде ALMATY CIRCUS FESTIVAL Алматының ғана емес, бүкіл аймақтың маңызды мәдени оқиғасына айналды. Фестиваль әлемдегі ең ірі он цирк форумының қатарына кіріп үлгерді. Биыл Ресей, Қытай, Украина, Вьетнам, Израиль, Якутия және т.б. елдерден барлығы 20 мемлекеттен 180-нен астам өтінім келіп түсті.

Байқау бағдарламасында әуе гимнастары, эквилибристтер, акробаттар мен ерекше жанр артистері өнерін паш етті. Көптеген қойылым алғаш рет көрермен көрсетіліп, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Фестивальдің ерекше қонағы әлемдегі ең танымал сайқымазақтардың бірі болды. Оның әсерлі қойылымы көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, бағдарламаның ең есте қаларлық сәттердің біріне айналды.

Айта кетейік, биыл фестиваль жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің қатысуымен 2-24 тамыз аралығында Алматыда гала-концерттер өтеді. Лауреаттардың толық тізімі Қазақ мемлекеттік циркінің ресми парақшасында жарияланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: