Дженнифер Лопестің Астанадағы концерті қалай өтіп жатыр
Сурет: Zakon.kz
Америкалық поп-дива Дженнифер Лопестің Астанадағы концерті дәл қазір өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстанға алғаш рет келген жұлдыздың концертінде стадион лық толды – көрермендер шоу басталмай жатып трибуна мен фан-зонаны толтырып үлгерген.
Әлеуметтік желілерде кеңінен тараған кадрлардан көрермендердің әнші сахнаға шыққанда айқайлап, қошемет көрсеткенін байқауға болады. Би нөмірлері, жарықтар, арнайы эффектілер мен танымал хиттер – Джей Ло Астанада нағыз музыкалық шоу ұйымдастырды.
Айта кетейік, 2025 жылдың 8 шілдесінен бастап Дженнифер Лопес кейінгі алты жылдағы алғашқы турын бастаған. Up All Night бағдарламасы аясында Джей Ло Астанада (1 тамыз) және Алматыда (10 тамыз) концерт береді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript