Дженнифер Лопес Астанадағы концертінде қазақстандықтарға алғыс айтты

Дженнифер Лопес, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2025 09:35 Сурет: Instagram/jlo
Америкалық әнші Дженнифер Лопес 1 тамыз күні Astana Arena стадионында өткен концерт барысында қазақстандық жанкүйерлеріне махаббатын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы блогер Сырым Итқұлов өзінің Telegram-арнасында жазды.

"Мен бәріңізді жақсы көрем! Сені де, сені де, сені де! Гүлдерді беріңіздер маған! Бүгін сенің туған күнің бе? Туған күнің құтты болсын! Атың кім? Зәуре ме? Туған күніңмен, Зәуре!" - деді әнші шоу соңында сахнадан түсіп, көрермендер жаққа бет алып.

Итқұловтың айтуынша, 56 жастағы Лопес жанкүйерлерін тек вокалымен және хореографиясымен емес, сонымен қатар физикалық шыдамдылығымен де таңғалдырды. Ол әлемдік тур аясында әр екі күн сайын концерт қойып, елдер мен құрлықтарды аралап жүр.

Концерт шапалақ пен қошеметпен аяқталды: сахнаға Джей Ло командасының барлық мүшесі шығып, көрермендерге турдың символикасы бар фирмалық футболкаларды лақтырды. Мерч сахнаға жақын тұрған көрермендерге бұйырды.

Астанадағы концерт аншлагпен өтті. Айта кетейік, Дженнифер Лопес 2025 жылғы 8 шілдесінен бастап алты жылдағы алғашқы гастрольдік турын бастады. Up All Night бағдарламасы аясында әнші 1 тамызда Астанада, 10 тамызда Алматыда концерт береді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: