Қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туғанына - 95 жыл

Шәмші Қалдаяқов, Шымкент, қазақ вальсі, король, мерейтой, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.08.2025 21:55 Сурет: martebe.kz
Қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туғанына биыл - 95 жыл. Шымкентте ән падишасының мерейтойына жиналғандар әуелі әйгілі композитордың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығы аясында қалада жыл басынан бері түрлі шаралар ұйымдастырылып келеді, деп хабарлайды astana.tv.

"Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдық мерейтойы болғандықтан оны кең көлемде атап өту қаланың және әкімдіктің басты мақсаты. Әрине бұл іс-шаралардың мақсаты – біздің Шәмші атамыздың рухани осы мұраларын насихаттап, бүгінгі ұрпаққа, ертеңгі жас ұрпаққа жеткізу".  Шымкент қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасы басшысының орынбасары Мөлдір Оңдасынова

"Бақыт құшағында" республикалық фестивалі сазгердің атындағы аллеяда өтті. Жиналған көпшілік алдымен халық жүрегінен орын алған әндердің тарихын сахналық қойылым ретінде тамашалады. Бұл кеште Шәмші Қалдаяқовтың жүрек тербетер, ел есінде мәңгі сақталған есті әндері қайта жаңғырып, тыңдарманға тарту етілді.

"Ең бірінші Шәмшінің композициялары шоқтығының биіктігін айқындайтын дүние, ол – қарапайымдылығы. Оны кез келген адам айта алады. Екінші - мықтылығы. Шәмші әндеріне келгенде қазақтың мен деген мықты ақиық ақындарымен, белгілі қаламгерлермен жұмыс жасаған. Қазақтың аспаны Шәмшінің әндеріне, әдемі әндерге, ғажап әуендерге тола берсін". Әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Светлана Айтбаева

Ән фестивалін тамашалауға жиналған қауымның қарасы қалың. Әнсүйер көрермен ән падишасының лирикалық, рухани және патриоттық рух сыйлайтын әуезді әндерін танымал әншілермен қосыла шырқады.

Бұған дейін "Қазақстан" телерадиокорпорациясы мен "Еуразия" Бірінші арнасының басшылары жаңадан тағайындалғандарын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: