Silk Way Star ән байқауы 2026 жылы Қытайда өтеді

Silk Way Star, жоба, ән байқауы, 2026, Қытай , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.11.2025 14:01 Сурет: Instagram/silkway.star
Биыл Қытай мен Қазақстан арасындағы келісім негізінде алғаш рет тізгін қаққан Silk Way Star жобасы 2026 жылы Қытайда өтеді. Бұл туралы ОКҚ алаңында Jibek Joly телеарнасының басқарушы директоры Еркежан Күнтуған айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол алдағы уақытта жобаны жеңімпаз елде өткізу туралы ұсыныстар түссе, бұл бастаманы екі тарап та қолдауға дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды Kazinform.

"Біз жобаны іске қосқаннан кейін Индонезия, Вьетнам, Үндістан қызығушылық танытты, бірақ биылғы маусымға қатысуға үлгермеді. Жоба 12 елдің аясында шектелмейді. Өйткені көптеген Азия мемлекеті бар. Азияда мәдени тұрғыда біріктіретін ортақ алаң жоқ. Мәселен, биыл қатыспаған Жапонияның өзі соның бір мысалы. Оларды да қоса алсақ, ел саны айтарлықтай артады. Сонымен қатар араб елдері де қызығушылық білдіріп отыр. Күні кеше финалға Кувейттің елшісі қатысты. Бұл бастамасы ғана, жобаның деңгейі алдағы жылдары өседі", — деді Еркежан Күнтуған.

Бұған дейін халықаралық Silk Way Star байқауының ең құрметті қонақтарының бірі - әлем таныған қазақ өнерпазы Димаш Құдайберген болғанын жазғанбыз

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: