Актриса әрі продюсер Дариға Бадықова қазақстандықтарға тағы да үн қатты

Актриса әрі продюсер Дариға Бадыкова қазақстандықтарға тағы да үн қатты, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2025 16:50 Сурет: Instagram/dariga_badykova
17 қазанда актриса әрі продюсер Дариға Бадыкова өзінің Instagram парақшасында қуанышты жаңалықпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Актрисаның айтуынша, оның продюсерлігімен түсірілген "Ыстық ұя" фильмі прокатта 1 миллиард теңге жинап, кассалық хитке айналған.

"Біздің фильм 1 миллиард жинады. Бұл жай ғана кино емес – бұл сезім, сағыныш, эмоция. Біз оны жүректерге жетсін, олар тірілсін деп түсірдік. Ол көптеген жүректі жылытты, мұз боп қатып қалған сезімдерді оятты. Бұл – басты жетістік. Миссия орындалды", – деп жазды Дариға Бадықова.

"Ыстық ұя" фильмі – продюсер ретінде танылған Бадыкованың екінші жобасы. Бұған дейін жарық көрген "Таптым-ау сені" фильмі де 1 миллиард теңге жинаған болатын.

Көпшілік бұл жетістікті актрисаның жеке өміріндегі даулы оқиғалардан кейінгі жеңісті оралуы деп бағалап отыр. Әлеуметтік желі қолданушылары:

"Дариға Бадықова жеке өміріндегі жанжалдан кейін кино әлеміне жарқын түрде оралды", – деп пікір білдіруде.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: