Аңыз болып қалады: Қайрат Нұртас 2026 жылы Астанада өтетін концертін жариялады
Сурет: Instagram/kair_n
Қазақстандық әнші Қайрат Нұртас Астанадағы концертінің афишасын жариялады, ол бұл концерт ән тарихында "аңыз" болып қалатынына сенімді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Концерттің алғашқы аңдатпасын әнші өзінің Instagram желісіне жүктеді, дегенмен әзірге нақты күнін жасыра тұруды жөн көрген.
Әнші жариялаған аңдатпада: "The Legendary Concert. Kairat Nurtas. Astana. XX.XX.2026" и "Kezdeskenshe!", деп жазылған.

Сурет: Instagram/kair_n
Ел аузындағы алып-қашпа сөзге сүйенсек, ұйымдастырушылар концертті елордадағы ауқымды алаңдардың бірінде өткізуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, бұл 2026 жылғы ең үздік шоулардың бірі болуы мүмкін.
Бұған дейін Қаржы министрлігі 2025 жылдың шілде–қыркүйек айларында өткен ірі музыкалық шаралар бойынша алдын ала салық түсімдерінің қорытындысын шығарғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript