"The Voice Қазақстан" жобасының жеңімпазы анықталды

Сахна, The Voice Қазақстан, музыкалық жоба, жеңімпаз , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2025 12:47 Сурет: pixabay
Күзден бері көрерменнің жүрегін жаулаған The Voice Қазақстан мегажобасы аяқталды. Өнер додасына қатысуға 2 мыңға тарта адам өтініш білдірген. Іріктеуден соң 65 үміткер "көрермен таңдауы" кезеңіне өтті. Одан сүрінбегендер тәлімгерді өздері таңдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"The Voice Қазақстан" музыкалық жобасының жеңімпазы Нұрай Мықты болды. Нұрайдың тәлімгері – Байғали Серкебаев. Ол шәкіртінің бойынан музыкаға деген сүйіспеншілікті, адалдықты байқадым. "Ал әншілік талантын, кәсіби шеберлігін халықтың өзі бағалады", - дейді. "The Voice Қазақстан" жобасынық ақтық мәресіне шыққан қыз-жігіттердің осалы жоқ. Төртеуі де дарынды, талантты әнші. Диас Жорабек, Дана Максимова, Бексұлтан Кенішқалиев, Нұрай Мықты финалға дейін бір-біріне дес бермеді. Ақтық сынның талабына сай қатысушылар жанды дауыста үш ән орындады. Оның екеуі - дуэт. Яғни тәлімгермен және танымал жұлдызбен қосылып, өнер көрсетті, деп хабарлайды 24 kz.

"Жалпы қазақ елінің өнерге, әнге үлкен құрмет көрсететінін, үлкен қызығушылық танытатынын да көрдік осы жоба арқылы. Жас таланттарға бір үлкен қызығушылығы мен сенімін көрсетеді. Бұл жоба міндетті түрде өнер саласы үшін өте маңызды. Осындай жобалар біздің таланттарымызды, тек үлкен қалаларда емес, ауыл-аймақтарда да көп. Сол таланттарды ашу бағытында менің ойымша, осындай жобалар көп болғаны маңызды".Кемелбек Ойшыбаев, "Хабар" Агенттігі АҚ басқарма төрағасы

Бұған дейін қазақ киносының "Қожасы" – Нұрлан Сегізбаевтың өмірден өткені хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: