Миллиардқа жуық табыс: Ресейде 2025 жылы ең көп табыс тапқан әртіс белгілі болды

Российский рубль, российские рубли, рубль, рубли, валюта России, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.12.2025 12:12 Фото: pixabay
Әнші Ваня Дмитриенко 2025 жылы концерттік қызметтен шамамен 924 млн рубль табыс тауып, Ресейдегі ең жоғары ақы алатын әртіс атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Readovka басылымы жазды.

Ақпаратқа сүйенсек, Дмитриенко бір жыл ішінде 33 концерт өткізіп, бір бағдарламасы үшін орта есеппен 28 млн рубль гонорар алған.

Рейтингтің екінші орнын Григорий Лепс иеленді. Ол 79 концерт өткізіп, 908,5 млн рубль табыс тапқан. Әр концерт үшін орташа гонорары 11,5 млн рубльді құраған.

Үшінші орын Надежда Кадышеваға бұйырды. Әншінің жылдық табысы 36 концертте шамамен 900 млн рубль болған, орташа ақысы 25 млн рубль.

Бұған дейін "The Voice Қазақстан" жобасының жеңімпазы анықталғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: