Жұлдыз Әбдукәрімованың жаңа жылдық құттықтауы оқырмандары арасында қызу талқыға түсті: "Қайрат қайда?"

Жұлдыз Әбдукәрімованың жаңа жылдық құттықтауы оқырмандары арасында қызу талқыға түсті: "Қайрат қайда?", сурет - Zakon.kz жаңалық 31.12.2025 13:48 Сурет: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial
Қазақстандық өнер иесі Жұлдыз Әбдукәрімова Жаңа жылға арналған отбасылық құттықтауын жариялады. Алайда көпшіліктің назарын бірден кадрларда Қайрат Нұртастың болмауы аудартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өнер иесі еліміздегі әр отбасына береке, мейірім, жылулық пен махаббат тіледі.

"Өзгесін еңбек пен талпыныс бере жатар. Бастысы елімізден тыныштық, Патшамыздан пейіл кетпесін",- деп жазды Әбдікәрімова.

Әрине, оқырмандар тарапынан "Қайрат қайда?" деген сұрақтар қарша жауды. Тіпті кейбірі әзіл-шыны аралас пікір қалдырып, "Қайрат халқын таңдады" деп жазған.

Бұған дейін Жұлдыз Әбдукәрімованың Астанадан анасына пәтер сыйлағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: