"Ласковый май" тобының продюсеріне халықаралық іздеу жарияланды

Андрей Разин, Ласковый май, халықаралық іздеу, алаяқтық, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.12.2025 19:58 Сурет: Instagram/razin_andrei_lm
"Ласковый май" тобының продюсері Андрей Разинге аса ірі алаяқтық жасады деген айып тағылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТАСС агенттігі құқық қорғау органдарына сілтеме жасай отырып, "Ласковый май" продюсеріне Ресейге экстрадицияланған сәттен немесе ұсталған кезден бастап екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалғанын хабарлайды.

Сондай-ақ, халықаралық іздеу жарияланғаны туралы ақпаратты процеске қатысушылардың бірі растаған.

"Тергеуші мемлекетаралық іздеуден бөлек, Андрей Разинге халықаралық іздеу де жариялады", - дейді дереккөз.

Бұған дейін Разинге ақын Сергей Кузнецовтың ақшалай қаражатымен байланысты аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген айыппен мемлекетаралық іздеу жарияланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: