Алматыда заманауи қазақ романдарының авторлары марапатталды
Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Алматыда заманауи қазақ прозасын дамытуға және авторларды қолдауға бағытталған "Қазіргі заманғы қазақ романы" әдеби жобасының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Іс-шарада ҚР премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хаты оқылды. Онда бұл жобаның ұлттық әдебиетті дамытуға елеулі үлес қосатыны, заманауи қоғамдық үдерістерді зерделеуге ықпал ететіні, сондай-ақ уақыт тынысын, қоғамның жай-күйін және адам тағдырын бейнелейтін жаңа романдардың жазылуына жол ашатыны атап өтілген.
Министрлік мәліметінше, байқауға 3 мыңнан астам өтінім келіп түсті. Іріктеу қорытындысы бойынша финалға сегіз автор шықты. Бас жүлдені "Кельндегі көкжал" романы үшін жазушы Жүсіпбек Қорғасбек иеленді. Байқау нәтижесі бойынша жеңімпаздың туындысы экранизацияланады.
Сондай-ақ жеті автордың шығармалары 1000 дана таралыммен жарық көріп, арнайы жүлдемен марапатталды. Атап айтқанда:
- Думан Рамазан - "Сынақ",
- Қуаныш Жиенбай - "Аралқұмдағы ақырғы аялдама",
- Нұржан Қуантайұлы - "Опасыз ойын",
- Асқар Алтай - "Каскад",
- Мұрат Алмасбек - "Екі жағалау",
- Қуат Бораш - "Тәубе",
- Айым Ақылтай - "Қарыз".
Салтанатты рәсімде үздік шығармалардың таныстырылымы өтті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript