MEGOGO-да түрік телехикаяларына арналған жаңа арнаны іске қосты
Сурет: MEGOGO
Арна тәулік бойы (24/7) режимінде, жоғары сапада және орыс тіліндегі кәсіби көпдауысты дубляжбен хабар таратады. Бүгінгі таңда MEGOGO қолданушыларына 105 телеарна қолжетімді.
"Kantar (TNS Central Asia) медиа-өлшемдерінің көпжылдық деректеріне сәйкес, түрік көпсериялы драмалары дәстүрлі түрде қазақстандық телеарналар мен стримингтік платформалардағы ең көп сұранысқа ие әрі рейтингі жоғары өнімдердің қатарына кіреді. DIZI Channel арнасының MEGOGO-да пайда болуы — қазақстандық аудитория тарапынан болған жоғары сұранысқа жауап және сервистің көрермендерге өздерінің сүйікті контентіне барынша ыңғайлы форматта заңды түрде қол жеткізуін қамтамасыз етуге деген ұмтылысы", — деп атап өтті MEGOGO бас директоры Нурлан Чукубаев.
Қазіргі уақытта MEGOGO-дағы DIZI Channel эфирінде не көрсетіліп жатыр:
"Не отпускай мою руку" — алғашқы минуттан соңғы секундқа дейін шиеленісте ұстайтын, төзімділік, айырылу мен шынайы махаббат туралы әсерлі әрі терең хикая.
"Королева ночи" — басты рөлді қайталанбас Мерьем Узерли сомдаған стильді романтикалық триллер.
"Квартира невинных" — сыншылар соңғы жылдардағы ең терең әрі қызықты түрік жобаларының бірі деп таныған мықты психологиялық шедевр.
"Чемпион" — жеңіске деген ерік-жігер, спорт және әкелік махаббат туралы қуатты экшн-мелодрама.
"Любовь против судьбы" — бүкіл әлемде миллиондаған жүректерді жаулап алған құштарлық, отбасылық құпиялар мен бақыт үшін күрес туралы культтік көпсериялы драма.
DIZI телеарнасы MEGOGO пайдаланушыларына "Телеарналар" бөлімінде қолжетімді.
Серіктестік материал



