Қазақстан Түркі мемлекеттері ұйымының дін мәселелері жөніндегі алғашқы отырысына қатысты

Отырыс, Әзербайжан, Қазақстан, Түркі мемлекеттері ұйымы, дін , сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2026 20:11 Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Әзербайжанда өтіп жатқан Түркі әлемі апталығы аясында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің дін мәселелеріне жауапты мемлекеттік органдары басшыларының алғашқы отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылы 30 маусымда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиынға ТМҰ Бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиев, сондай-ақ Қазақстан, Әзербайжан, Түркия, Қырғызстан және Өзбекстанның өкілдері қатысты.

Отырыс барысында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Рустам Әли Қазақстан үшін ТМҰ аясындағы ынтымақтастықтың тәжірибе алмасуға, конфессияаралық келісімді нығайтуға және бүгінгі заманның мәселелерін бірлесіп шешуге мүмкіндік беретін маңызды алаң екенін атап өтті.

Кездесуде жастарды жат идеологияның ықпалынан сақтандыру мәселесі көтерілді. Қазақстан ТМҰ-ға мүше мемлекеттерге интернет кеңістігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және алдын алу бағытындағы ортақ жұмысты күшейтуді ұсынды.

Жиын соңында қатысушылар Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін білдірді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: