Канье Уэст концерті 15 тамыз күні сағат 21:00-де өтеді

Центральный стадион Алматы, Центральный стадион в Алматы, ФК Кайрат, матч, футбол, футбольный клуб Кайрат, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.08.2026 15:29 Фото: Zakon.kz
Канье Уэстің концерті 15 тамыз күні сағат 21:00-де Орталық стадионда өтеді. Көрермендерді алаңға кіргізу сағат 16:00-де басталады. Бұл 14 тамызда іс-шараға келу үшін белгіленген уақытпен бірдей, деп хабарлайды Zakon.kz.

14 тамыздағы концертке сатып алынған барлық билеттер өз күшінде қалады және көрермендер сол билеттер арқылы 15 тамыздағы шараға кіре алады.

Алаңға кіру билеттегі QR-кодты сканерлеу арқылы жүзеге асырылады. Тексеруден өткеннен кейін бұған дейін берілген білезіктер 15 тамыздағы концертке кіруге жарамды жаңа білезіктерге ауыстырылады. Қазіргі уақытта алаң мен қажетті қызметтер іс-шараны өткізуге дайын.

"Көрермендерден бағыттарын алдын ала жоспарлап, жолдағы кептелістерді ескеріп, мүмкіндігінше алаңға ертерек келуді сұраймыз. Стадионға кіру билетте көрсетілген секторға сәйкес жүзеге асырылады. Кіреберістердің схемасымен алдын ала танысып, алаңдағы навигациялық белгілерді басшылыққа алуды сұраймыз. Іс-шараға қатысты барлық өзекті ақпарат First Media Group және Freedom Афиши арналарына жарияланады. Түсіністік танытқандарыңызға рақмет", – делінген ұйымдастырушылар мәлімдемесінде.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: