Қазақстандық стартапқа әлемдік супермодель инвестиция салды
Сурет: Facebook/natasupernova
Супермодель әрі инвестор Наталья Водянова-Арно қазақстандық AI-стартапқа стратегиялық инвестиция салды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы жасанды интеллект негізінде видео мен сурет жасауға арналған платформа әзірлейтін Higgsfield компаниясы баспасөз хабарламасында мәлімдеді.
"Қолданыстағы инвесторлардан бөлек, компанияға есептеу технологиялары, байланыс, дистрибуция, медиа және жарнама салаларының өкілдері стратегиялық инвестиция салды", — делінген компания хабарламасында.
Сондай-ақ Наталья Водянова-Арно Higgsfield компаниясының инвесторы атанып, әлемдік сән, сұлулық және креативті индустрияларда 25 жылдан астам жинаған тәжірибесін пайдалана отырып, компанияға кеңес беретіні айтылды.
Қазіргі таңда платформаны 238 елде 30 миллионнан астам адам пайдаланады. Компания үшін ең ірі нарық – АҚШ.
Ал Водянова француз кәсіпкері Антуан Арноның жұбайы. Ол LVMH империясының негізін қалаушы Бернар Арноның ұлы. Бүгінде ерлі-зайыптының екі ұлы бар.
Бұған дейін модель британ ақсүйегі Джастин Портманмен 10 жыл некеде болған. Олардың үш баласы бар.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
