MEGOGO жазда ең көп тыңдалған аудиокітаптарды жариялады

MEGOGO, аудиокітаптар, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2026 19:17 Сурет: MEGOGO
MEGOGO онлайн-кинотеатры соңғы үш айда қазақстандықтардың "Аудио" бөліміндегі белсенділігіне талдау жасап, ел тұрғындарының қай уақытта қандай контентті жиі тыңдайтынын белгіледі.

Маусымның басты тренді ретінде бизнес-әдебиет пен классикаға деген жоғары сұраныс, сондай-ақ отандық аудиоподкасттар танымалдылығының өсуі тіркелді.

Абсолютті хит: байып кетудің сыры

Ең көп тыңдалған кітап, аудиокітап, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2026 19:17

Сурет: MEGOGO

Платформадағы аудиокітаптар рейтингінің сөзсіз көшбасшысы — Джордж Клейсонның қаржылық сауаттылық туралы «Вавилондағы ең бай адам» атты культтік кітабы болды. Ол бірегей тыңдаушылар саны бойынша да, тыңдауға жұмсалған уақыт жағынан да бірінші орынды сақтап тұр.

Үздік үштіктің қатарына, сондай-ақ, Эмили Бронтенің "Грозовой перевал" және Александр Дюманың "Граф Монте-Кристо" сияқты мәңгілік классикалық романдары енді.

Бұдан бөлек, платформаның ең көп сұранысқа ие он аудиокітабының қатарына Сунь-цзыдың "Соғыс өнері", Гомердің "Одиссеясы" және Жюль Верннің шығармалар жинағы сияқты іргелі туындылар кірді.

Қазақстандық подкасттар көш бастап тұр

Ең көп тыңдалған подкаст, аудиокітап, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2026 19:17

Сурет: MEGOGO

MEGOGO сараптамасы тыңдаушылардың отандық контентке ерекше көңіл бөлетінін көрсетті. Ең көп тыңдалатын топ-10 аудиоөнімнің арасында қазақстандық жобалар нық орнықты: "Кино айтшы", "Әке толғағы" және танымал "Замандас" подкасты да рейтингтегі жоғары орнын тұрақты сақтап тұр.

Қазақстандықтардың таңдауы: классика және өзін-өзі дамыту

Жанр, аудиокітап, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2026 19:17

Сурет: MEGOGO


Жанр бойынша қазақстандық пайдаланушылардың қызығушылығы классика мен тұлғалық даму арасында бөлінгенін көрсетті. Платформадағы ең танымал жанрлар:

  • Классикалық әдебиет — аудиобөлім аудиториясының 27,5%-ы.
  • Мотивация және тұлғалық даму — 15,7%.
  • Бизнес және қаржы — 12,6%.
  • Шытырман оқиғалы әдебиет — 11,1%.
  • Балалар әдебиеті — 5,4%.

Дүйсенбі — ең көп аудиокітаптар тыңдалатын күн

Тыңдаушылардың апта күндері бойынша белсенділігі де қызықты бөлінді. Аудиокітаптар мен подкасттарды тыңдау белсенділігінің шыңы тұрақты түрде дүйсенбіге келеді екен. Екінші орында — сейсенбі, ал үшінші орында — жұма тұр. Ал подкасттар мен аудиокітаптарға деген қызығушылық ең төмен күн — жексенбі.

"Біз контентті саналы түрде тұтынудың тұрақты трендін көріп отырмыз. Қазақстандықтар өзін-өзі дамыту, қаржылық сауаттылықты арттыру және әлемдік классикамен танысу үшін аудиоформатты жиі таңдайды. Сонымен бірге бізді қазақ тіліндегі контент пен отандық авторлардың жобаларына деген сұраныстың өсуі қуантады. Бүгінде бұл жобалар үздіктер қатарында әлемдік бестселлерлермен тең дәрежеде бәсекелесіп келеді", — деп атап өтті MEGOGO СЕО-сы Нұрлан Чукубаев.

Серіктес материал

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: