"Итальяндық мафияға ұқсайды": Баян Алагөзованың күйеу баласының образы желіде қызу талқыланды
Сурет: Instagram/aissaulebakytbek
Кәсіпкер әйел бірнеше сурет жариялап, оған қысқа ғана "Мен сені жақсы көремін" деген жазба қалдырған.
Мерекелік кешке 200-ден астам адам келгені белгілі болды. Туған күн иесін құттықтауға туыстары, көптеген достары және шоу-бизнес өкілдері жиналған.
Желі қолданушылары шараның сәнді безендірілуі мен ауқымына жоғары баға беріп, Айсәуленің күйеуінің киім үлгісіне де назар аударған.
"Өзіңіз қуыршақтайсыз".
"Бізге қаншама қуанышты әрі көңілді сәт, би мен ән, ұмытылмас естеліктер сыйлап, барлық достарыңызды көруге мүмкіндік бердіңіздер".
"Кеш керемет өтті".
"Күйеуіңіз итальяндық мафияны еске түсіреді. Ренжімеңіз".
"Жұптарыңыз Кот Базилио мен Лиса Алисаға ұқсайды".
"Қайрат Нұртас барлық жерге үлгеріп жүр. Бүгін сіздермен Қарағандыда, ертең – Жезқазғанда".
"Керемет жұпсыздар, бақыт пен денсаулық тілеймін", – деп жазды желі қолданушылары.
Ал Баян Алагөзова әлеуметтік желіде аса белсенділік танытпай, мерекелік кештен бірнеше ғана сурет жариялады.