55 млн теңгеге жасалған жөндеу бір жылға жетпей қирай бастаған: Мақпал Жүнісова құрылысшыларға ренжулі

Мақпал Жүнісова , сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2026 10:25 Сурет: Instagram/zhunusova.makpal
Әнші бір жылға да жетпей жасалған жөндеуден кейінгі үйінің жағдайды көрсетті. Кадрлардан үйдің қаптамасы қирап, опырылып жатқанын көруге болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова бұл видеоны 2026 жылғы 15 қыркүйекте Instagram-дағы парақшасында жариялады. Әншінің айтуынша, жөндеу жұмыстары төрт айға созылған.

"Құрылысшылардан кейін қалғаны осы. Жөндеу жасалғанына әлі бір жыл да болған жоқ, ал үйдің айналасы қирап жатыр. Мен бұл жұмысқа 55 млн теңге төледім", – деп жазды Мақпал Жүнісова.

Әнші жұмыстың қалайша соншалықты сапасыз орындалғанына таңданысын білдіріп, құрылысшылардың жауапкершілігіне де наразы екенін айтты.

"Құрылысшыларды тамақтандырдым, ақшасын уақытында төледім. Осындай жұмыс істейтін адамдардың кесірінен жүрегім ауырады", – деді халық әртісі.

Пікір білдірушілер қазақстандық әншіні қолдады:

  • "Ұят-ай!" "Сұмдық… Мұндай жұмысты қалай қабылдап алған?"
  • "Тағы қаншасы құлайды? Бригадирге хабарласып, көрсетіңіз. Бұл жұмыс 55 млн теңгеге тұрмайды".
  • "Құрметті Мақпал, оларды жауапқа тартыңыз!"

Мақпал Жүнісованың айтуынша, ол сотқа жүгінуді жоспарлап отырған жоқ, себебі бұған уақыты жоқ. Әнші видеоны адамдар жөндеу жұмыстарының қандай болуы мүмкін екенін білсін деген мақсатта жариялаған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: