Теннистен әлем чемпионаты: қазақстандық жасөспірімдер ширек финалға бір қадам жетпей тоқтады

теннис, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.11.2023 22:03 Сурет: ktf.kz
Испанияның Кордова қаласында өтіп жатқан Davis Cup Juniors Finals турнирінде Қазақстан жасөспірімдер құрамасы ширек финалға бір қадам жетпей тоқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

D тобында соңғы ойында қазақстандықтар жасөспірімдер арасында командалық әлем чемпионатының алты дүркін чемпионы Испания командасына жол берді.

Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, бірінші ойында Заңғар Нұрланұлы Андрес Сантамарта Роигтен (№ 225) ұтылды – 5:7, 3:6.

Есесіне Әмір Омарханов Серхио Планелья Эрнандесті (№175) 6:4, 6:2 есебімен тізе бүктіріп, таразы басын теңестірді. Осы әлем біріншілігінде Әмір бірде-бір бәсекеде жеңілген жоқ, үшеуінде де қарсыластарынан басым түсті.

Соңғы жұптық сында испаниялықтар супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 2:6, 6:4, 10:5.Осылайша, Қазақстан құрамасы мықты командалар жиналған топта үшінші орын алды. Бұл 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер үшін Қазақстан тарихындағы алғашқы әлем чемпионаты болғанына қарамастан, қазақстандықтар лайықты өнер көрсетті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: