Кристина Силаева Норвегиядағы әлем чемпионатынба медальға бір қадам жетпей қалды

Кристина Силаева Норвегиядағы әлем чемпионатынба медальға бір қадам жетпей қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2025 01:17 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық Кристина Силаева конькимен жүгіруден Норвегияның Хамар қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында медальға бір қадам жетпей қалды.

Конькимен жүгіруші 500 метр қашықтықта төртінші орын алды. Ол жарысты 37,87 секунд нәтижесімен аяқтады.

Жеңісті Фемке Кок (Нидерланд) – 37,50 иеленді. Күміс жүлде Ютта Лердамға (Нидерланд) – 37,69, ал қола медаль Ким Мин Сонға (Оңтүстік Корея) – 37,73 бұйырды.

Айта кетейік, бір күн бұрын Қазақстан әйелдер құрамасы да командалық спринтте төртінші орын алған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: