Қазақстандық блогер Мадлен туған күнін Парижде сән-салтанатымен атап өтті
Сурет: instagram/_m_a_d_l_e_n
Қазақстандық миллиондаған оқырманы бар блогер Мадинахон Мамадалиева, көпшілікке Мадлен деген лақап атымен танымал, туған күнін әлемдегі сән астаналарының бірі – Парижде атап өтті. Жеке мерекесіне инфлюенсер Париж қаласын таңдаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Туған күн иесі әлеуметтік желідегі парақшасында мерекелік сәттерінің жарқын суреттерімен бөлісті. Кадрларда Мадлен жылтыр тастармен көмкерілген, дене бітімін айқындайтын сәнді көйлекпен көзге түсті.
Блогер Францияға жасаған сапарының өзі үшін ерекше болғанын атап өтті. Себебі ол көптен бергі арманын орындап, анасын Парижге алып келген. Блогер өзінің туған күнін ең жақын әрі сүйікті адамдарының ортасында атап өткен.
"Бұл күндерді керемет өткіздім! Қаншама махаббат, эмоция, әдемі сәттер мен бақытқа толы болды. Маған берілген барлық нәрсе үшін Жаратқанға шүкір. Жанымдағы адамдар үшін, мүмкіндіктер үшін, өмірімдегі әрбір сәт үшін алғыс айтамын", – деп 2026 жылдың 15 қыркүйегінде блогер өз әсерімен бөлісті.
Жарияланым аз уақыттың ішінде мыңдаған лайк жинады. Пікірлерде жанкүйерлері ғана емес, қазақстандық шоу-бизнес өкілдері де туған күн иесіне жылы лебіздері мен ақ тілектерін білдірді.
- "Жаным, қандай керемет, жаны бай қызсың! Сіздің шынайы әрі жақсы адам екеніңіз көрініп тұр! Әрдайым бақытты болыңыз! Тек үлкен жеңістер тілеймін! Сізбен ешкім теңесе алмайды, жарайсыз! Туған күніңмен, Мадинушка!"
- "Сұлусыз".
- "Анасы да керемет сұлу екен, Франция оған жарасады!"
- "Туған күніңізбен!!!"
- "Сұлу!"
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript