Танымал қазақстандық блогер өзіне іздеу салынғаны жайлы ақпаратқа түсініктеме берді
Сурет: Instagram/qais_arr
Миллиондаған оқырманы бар қазақстандық танымал блогер Қайсар Қамза 11 қаңтарда пайда болған өзіне іздеу салынғаны жайлы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол Instagram-дағы Stories бөліміне дастарханда отырған суретін жүктеп, "бәрі ойдағыдай" деген қысқа ғана жазба қалдырды. Блогер неліктен іздестіріліп жатқаны жайлы ештеңе ашып айтпады.

Сурет: Instagram/qais_arr
Бұған дейін 11 қаңтарда қазақстандық блогер Қайсар Қамзаға ел аумағында іздеу салынғаны жайлы жазғанбыз. Құқықтық статистика порталының дерегіне сәйкес, іздеуді Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі бастаған. Іздеу ісі Астанада тіркелген.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript