Қазақстанның "Евровидениеге" қатысудан бас тартуына қатысты СІМ пікір білдірді

Евровидение, Қазақстан, бас тарту, СІМ , сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2026 18:45 Сурет: eurovision.tv
ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов брифинг барысында Қазақстанның "Евровидениеге" қатысудан бас тартқаны туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер ресми өкілге Қазақстанның "Евровидениеге" қатысудан бас тартқаны туралы ақпаратты алға тарта отырып, "еліміздің Еуропа кеңесіне кіруді немесе байқаушы мәртебесін алуды жоспарлап отырған жоқ па" деген сұрақ қойды.

"Білесіздер ме, сіздердің орныңызда болсам, бұл ақпаратты мен жалпы тексеріп көрер едім. Әрине, "Евровидение" жайы біздің құзыретімізге жатпайды. Бізге ешкім хабарласқан жоқ. Бірақ, менің байқағаным, бұл ретте өте қарама-қайшы ақпарат болды. Ұлттық телекомпаниялар деңгейінде өтінім берілді ме, әлде мүлдем өтінім берілмеді ме, ол жағы түсініксіз. Осындай екіұшты жағдай. Сондықтан бұл ретте мен түсініктеме беруден бас тартар едім", – деді Жанболат Үсенов.

2026 жылғы 15 тамызда "Евровидение-2027" байқауына дайындық басталып кеткені белгілі болды.

2026 жылғы байқаудың қорытындысы бойынша 27 жастағы болгариялық Дарина Йотова жеңімпаз атанды. 17 мамырда ол "Bangaranga" әнімен өнер көрсетіп, финалда 516 ұпай жинады.

Соған байланысты "Евровидение" ән байқауы 2027 жылы 10-15 мамыр аралығында Болгарияның Бургас қаласында өтетін болды. Бұл туралы Еуропалық хабар тарату одағы мен Болгария ұлттық телевидениесі хабарлады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: