A’Studio тобы Алматыға арнап қазақ тілінде ән шығарды
Сурет: instagram/astudio_group
Топ мүшелерінің айтуынша, ән Алматы күніне орай жарыққа шыққан. Себебі Алматы – A’Studio тобы үшін туған қаладай ыстық мекен.
"Бұл біз үшін ерекше ән! Біз де, тыңдармандарымыз да қазақ тіліндегі әнді көптен күттік. Міне, көптен күткен жаңа ән жарыққа шықты!" – деді топтың негізін қалаушы Байғали Серкебаев.
Қазақстандықтар жаңа әнді бірден бағалап үлгерді. Әлеуметтік желі қолданушылары пікірлерін жаудыра жазды:
– A’Studio-да бәрі тұрақты: қандай ән шығарса да, бәрібір хит болады.
– Керемет, орындауы өте жоғары деңгейде.
– Бұл ән маған қатты ұнады.
– Керемет ән, ырғағы да тамаша!
– Қазақ тілінде осылай керемет ән айтасыздар!
– Орындауы тамаша, көпшілік тыңдарманға арналған әмбебап ән екен.
Музыканттар әннің мұқабасына да ерекше мән берген. Белгілі болғандай, онда ARAY тобының алғашқы құрамындағы бас-гитарист Фархад Ибрагимовтың картинасы бейнеленген. Дәл осы топтың негізінде ALMATA, кейіннен A’Studio тобы құрылған.
Бұған дейін қазақстандық танымал әнші Төреғали Төреәлі Қайрат Нұртаспен бірге жаңа ән шығарғанын хабарлағанбыз.